Команда үш жолдастық матч өткізді: «Ордабасы» Ж, «Оңтүстік» командаларына қарсы және өзара бақылау ойынын ұйымдастырды. Матчтарда «ақылды камералар» қолданылып, олардың көмегімен әр футболшының әрекеттерін жан-жақты талдауға, техникалық, тактикалық және фитнес-көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік туды.
Сонымен қатар бірінші команданың бас бапкері жастар командасының жаттығулары мен матчтарына қатысып, жас ойыншыларды жеке бақылап, олардың әлеуетін бағалағанын атап өткен жөн.
Келесі оқу-жаттығу жиындары 10–23 желтоқсан аралығында Шымкентте өтеді. Команда жаңа маусымға жүйелі дайындықты жалғастырады.

Шахтёр
Түркістан



