Жаңалықтары академия

21 November, 09:43

2026 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМҒА ӘДЕМІ НҮКТЕ ҚОЙДЫҚ!

20 қарашада «Шахтёр» ФК Академиясының 2026 жылғы маусымын жабу салтанаты өтті!

Кеш барысында биылғы маусымда жүлделі орындарға ие болған командаларымыз марапатталып, Академияның үздік футболшылары мен жаттықтырушыларына арнайы сыйлықтар табысталды.

Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі - 2009 жылы туған ұлдарымыз бен қыздарымызды Академия қабырғасынан шығарып салу рәсімі болды.

Бұл кеш жарқын эмоцияларға, әсерлі естеліктер мен ерекше сәттерге толы болды.

Осы маусымда бізбен бірге болған футболшыларға, бапкерлерге, ата-аналарға, жанкүйерлерге және серіктестерімізге алғыс айтамыз!

 

Наверх