«Шахтер» W командасының негізгі құрамында алаңға Арина Тихонова, Камила Маммадова, Айтурган Курманбекова, Ксения Карпова, Александра Набокова (к), Адеми Омиртай, Ругая Гаджиева, Саида Дюсембаева, Айсана Зекен, Айкуним Рысбекова және Малика Сарсен шықты.

Бұл матчта бас бапкер Бауыржан Жаров тактикалық өзгерістер енгізді. Тәжірибелі Айтурган Курманбекова мен Ксения Карпова Камила Маммадовамен бірге қорғаныс шебінде ойнады.

Ал Ругая Гаджиева жартылай қорғау аймағына ауысты. Шабуыл шебінде Айсана Зекен, Айкуним Рысбекова және Малика Сарсен әдеттегі позицияларында өнер көрсетті.

«Шахтер» W кездесуді белсенді бастап, бірден шабуылға көшті. Алайда бірінші болып қонақтар гол соқты. 53-минутта «Ертіс» W есеп ашты.

Алаң иелері шабуылдарын жалғастырып, 63-минутта есепті теңестірді. Жарақатынан айыққан Олеся Шаповалова алаңға қосалқы құрамнан шығып, орта тұстан алға ұмтылып, допты қақпаның оң жақ бұрышына дәл бағыттады - 1:1.
Ал 72-минутта «Шахтер» W командасының капитаны Александра Набокова ауттан доп ойынға қосылғаннан кейін қақпашының үстінен дәл соққы жасап, өз командасын алға шығарды.

2:1 — «Шахтер» W командасының керемет камбэгі және жеңісі!

Ақтобе Жас
Шахтёр


