Қарағандылық команданың бастапқы құрамында Игорь Шацкий (к), Александр Мигунов, Қасымжан Тайыпов, Нұрали Азатқазы, Мирас Көбеев, Нұрхан Қағазбаев, Лев Скворцов, Рифат Нұрмағамет, Андрей Ульшин, Артем Литош және Диас Қалыбаев алаңға шықты.
Матчтағы есеп 25-минутта ашылды - Рифат Нұрмағамет мергендік танытты. Алайда араға екі минут салып, 27-минутта алаң иелері есепті теңестірді.
56-минутта Диас Қалыбаев «Шахтерге» жеңіс сыйлаған голды соқты. Осылайша, кездесу 2:1 есебімен «кеншілердің» пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, «Шахтер» Бірінші лиганың алтын медальдарына қарай сенімді қадам басып келеді. Команда қатарынан 15 рет жеңіске жетті. Сонымен қатар, соғылған және жіберілген голдар арасындағы айырмашылық +35 көрсеткішін құрайды.
«Шахтер» келесі матчын 17 қыркүйекте өз алаңында «Таразға» қарсы өткізеді.

Жайық
Шахтёр
Хан-Тәңірі


