95 жыл - Қарағанды облысының тарихымен біте қайнасқан тұтас бір дәуір. Осы жылдар ішінде «Индустриалка» сенімді ақпарат көзіне, туған өлкенің шежіресін жазып келе жатқан басылымға және өңірдің қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Спортқа, соның ішінде қарағандылық футболға көрсетіп келе жатқан қолдауларыңыз үшін ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында «Шахтердің» жеңістері, жанкүйерлердің эмоциясы мен футболдағы маңызды оқиғалар оқырманға жетіп, өңіріміздің ортақ тарихының бір бөлігіне айналып келеді.

«Шахтер» футбол клубының атынан газет ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жарқын ақпараттық жаңалықтар мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Алда да ел игілігі жолындағы жемісті еңбектеріңіз жалғасып, оқырмандарыңыздың қатары көбейе берсін.

Жайық
Шахтёр
Хан-Тәңірі


