Қосалқы құрамының жаңалықтары

29 July, 21:06

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ СЕНІМДІ ЖЕҢІС

Екінші лиганың 16-туры аясында «Шахтёр» U-21 жастар командасы сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжар» Ж командасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

«Шахтёр» Ж командасының бастапқы құрамы: Әлібек Маратов, Али Ақылбаев, Тағир Сәкенов, Мейірлан Балтабаев, Дамир Юсупбеков, Данил Литвиненко, Максим Холод (к), Мансур Ділмұрат, Әлихан Исраилов, Максим Комиков, Алан Азамат.

Кездесудің негізгі оқиғалары екінші таймда өрбіді. Осы кезеңде «кеншілер» ойын тізгінін толық өз қолдарына алды. Матчтың 72-минутында алаңға қосалқы құрамнан шыққан Сұлтан Шымырхан жуырда команда сапына қайта оралған Әлихан Исраиловты тиімді шабуылға шығарды. Әлихан қақпаның жақын бұрышын дәл көздеп, есеп ашты – 1:0.

Ойынның негізгі уақытына қосылған минуттарда «Шахтёр» Ж есепті еселей түсті. Команда капитаны Максим Холод оң қапталмен жеке шеберлігін көрсетіп, екі қорғаушыны алдап өтті де, нәтижелі пас шығарды. Ал Сұлтан Шымырхан шабуылды сәтті аяқтап, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 2:0.

«Шахтёр» Ж чемпионаттағы сенімді ойынын жалғастырып, нәтижелі футбол көрсетіп келеді және турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап тұр.

Наверх