Клуб жаңалықтары

22 September, 22:01

ТИМУР ТУРЛОВ ҚФФ АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРАМЫНА ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

Астанада Қазақстан футбол федерациясының ХХХІ сайлау конференциясы өтті.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов ҚФФ Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамына кірді.

Тимур Русланұлы - «Шахтер» футбол клубының иесі, Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) президенті.

Комитет құрамы төрт жыл мерзімге дауыс беру арқылы сайланады. Тимур Турлов Атқарушы комитет мүшелігіне алғаш рет 2022 жылдың қыркүйегінде өткен болатын.

Наверх