Жаңалықтары академия

10 November, 19:49

2026 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМДЫ БІРГЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙЫҚ!

20 қарашада «Шахтёр» футбол клубы Академиясының 2026 жылғы маусымын жабу салтанаты өтеді!

Биылғы маусым Академиямыз үшін толағай табыстарға толы болды. QJ League турнирінде үш жас санатындағы командамыз күміс жүлдегер атанса, қыздардан құралған WU-17 командасы қола медаль жеңіп алды. «Шахтёр» U-21 Қазақстанның Екінші лигасында күміс жүлдеге ие болса, 2013 жылы туған тәрбиеленушілеріміз Қазақстан чемпионатында үшінші орынға табан тіреді.
Кеш барысында Академияның үздік футболшылары мен жаттықтырушылары марапатталып, WU-17 қыздар командасына қола медальдар табысталады. Сондай-ақ қонақтарды қызықты шоу-бағдарлама, фотобудка, клубтың фирмалық өнімдерінің сатылымы және түрлі тосынсыйлар күтеді!

20 қараша | 16:00

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Университетская көшесі, 28)

Дресс-код: Casual (күнделікті киім үлгісі)

Кіру тегін!

2026 жылғы маусымды бірге жарқын көңіл күймен аяқтайық!

 

Наверх