Қосалқы құрамының жаңалықтары

22 April, 20:36

ТАГИР САКЕНОВ: «МАҚСАТ – ЧЕМПИОНДЫҚ!»

— Бірінші тайм сәл қобалжумен өтті. Бұл, мүмкін, өз алаңымызда, жанкүйерлеріміздің алдында алғашқы ойынымыз болғандықтан шығар. Жігіттер жарады — жиналып, екінші таймда өз ойындарын көрсетіп, жоғары қарқын қоя білді.

Пенальти тебуді маған сеніп тапсырған жаттықтырушылар штабына рахмет. Қатты толқыған жоқпын, ең бастысы — өзіңе сенімді болып, тыныс алып, дәл соққы жасау.

Қазіргі таңда командадағы негізгі пенальти орындаушы болып келемін. Жұмыс істеп жатырмыз, алдағы уақытта да жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Мақсат бір — чемпиондық!

 

Наверх