Жаңалықтары академия

9 September, 20:58

QJ LEAGUE-НІҢ КЕЗЕКТІ ТУРЫ ӨТТІ

QJ League-нің 19-тур аясында «Шахтер» U-15 және U-16 командалары Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» командасының құрдастарымен кездесті.

Алғашқы болып алаңға «Шахтер» U-15 командасы шықты. Қонақтар кездесуді 2:2 есебімен тең аяқтады. «Шахтердің» құрамында Алдияр Кокубаев (5’) пен Роман Азарян (80’+2’) гол соқты.

Кешкі матчта «Шахтер» U-16 командасы «Ордабасы» U-16 командасын 2:1 есебімен жеңді. Кездесуде Никита Духов дубль жасап, 40’+1 және 61-минуттарда гол соқты.

 

Наверх