Қосалқы құрамының жаңалықтары

17 June, 21:34

«ШАХТЕР» Ж ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕГІ БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Екінші лиганың 10-туры аясында «Шахтер» Ж командасы сырт алаңда елордалық «Ансатты» 6:1 есебімен ірі жеңіске ұшыратты.

«Шахтер» U-21 командасының негізгі құрамында алаңға Никита Килджиев, Али Ақылбаев, Максим Холод (капитан), Тағир Сәкенов, Мирас Көбеев, Мирас Ділмұрат, Руслан Белобородый, Мансур Ділмұрат, Ален Айманов, Максим Комиков және Алан Азамат шықты.

«Кеншілер» сапында гол соққан ойыншылар: Айманов (5’), Комиков (46’, 65’), Сәкенов (54’), Олейник (76’) және Макридов (90’).

Осы жеңістің арқасында «Шахтер» Ж Екінші лиганың турнирлік кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.

Наверх