«Шахтер» U-21 командасының негізгі құрамында алаңға Әлібек Маратов, Әли Ақылбаев, Мирас Көбеев, Даниял Назаров, Мейірлан Балтабаев, Тағир Сәкенов, Әлихан Исраилов, Мирас Ділмұрат, Расул Акимов, Мансұр Ділмұрат және Максим Комиков шықты.
Жаңбырлы ауа райы мен ауыр, батпақты алаңға қарамастан, ойын тізгінін алаң иелері ұстады. Кездесудің 36-минутында Даниял Назаров «кеншілердің» шабуылын сәтті аяқтап, есеп ашты.

Екінші таймда «Шахтер» Ж ойындағы басымдығын сақтап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда, гол соғатын мүмкіндіктерді толық пайдалана алмады.

Сондай-ақ, «Шахтер» академиясының жас тәрбиеленушісі Мейірлан Балтабаевтың Екінші лигадағы дебютін ерекше атап өткен жөн. Ол қорғаныста сенімді ойнап қана қоймай, шабуылдарға да белсенді араласып, жақсы қырынан көрінді.
Бұл жеңіс «Шахтер» жастар командасына Солтүстік-Шығыс конференциясындағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.



