Алдағы «Тұран» командасына қарсы кездесуде клуб өз құрылымындағы жас футболшыларға сенім артпақ. Жоғары нәтиже көздейтін мықты қарсыласпен өтетін матч жас ойыншылар үшін өз қабілеттерін дәлелдеуге, ойын тәжірибесін жинақтауға және кәсіби тұрғыда өсуге жақсы мүмкіндік болмақ.
Айта кетейік, маусым басталар алдында «Шахтердің» негізгі құрамындағы ойыншылардың орташа жасы 24,5 жасты құрады. Сонымен қатар клуб академиясының бірқатар тәрбиеленушісі биыл негізгі команда сапында дебют жасап үлгерді. Өз тәрбиеленушілеріне сенім арту - клубтың стратегиялық бағыттарының бірі. «Шахтер» жас футболшылардың дамуына жағдай жасап, олардың негізгі команда сапында тәжірибе жинап, өз әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беруді жалғастырады.










Шахтёр
Академия Оңтүстік


