Бұл марапат клубтың жанкүйерлермен өзара байланысты дамыту, футболды кеңінен насихаттау және команда төңірегінде ерекше футбол атмосферасын қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысының лайықты бағасы болды.
Маусым бойы «Шахтёр» жанкүйерлермен байланыс орнатуға, клубтық коммуникацияларды дамытуға және футбол алаңында ғана емес, оның сыртында да команданың тыныс-тіршілігін жанкүйерлерге жақынырақ танытуға мүмкіндік беретін қызықты контент жасауға ерекше көңіл бөлді.
Бұл жеңістің клубтың бүкіл ұжымы үшін маңызы зор. Оның артында клуб қызметкерлерінің, жаттықтырушылар штабының, ойыншылардың, жас футболшылардың және, әрине, «Шахтёрді» әрдайым қолдайтын адал жанкүйерлердің ортақ еңбегі жатыр.
Freedom QJ League ұйымдастырушыларына клуб жұмысын жоғары бағалағаны үшін, сондай-ақ клубтың дамуына үлес қосып, командаларымызға қолдау көрсетіп жүрген барша жанкүйерлерімізге алғыс білдіреміз!

Шахтёр
Кайрат-Жастар


