Жаңалықтары академия

19 September, 14:32

«ШАХТЕР» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МЕДАЛЬДАРЫ

Қыздар арасындағы QJ League додасының қорытынды туры алдында басты интрига бірден үш команданың таласына түскен қола медальдардың тағдыры болды.

«Тобыл» W мен «Шахтер» W есептерінде 20 ұпайдан болды. Қостанайлық команда қосымша көрсеткіштер бойынша үшінші орында тұрды. Ал 17 ұпайы бар «Ақтөбе» W командасының да қола жүлдеге математикалық мүмкіндігі сақталды. Ол үшін «қызыл-ақтарға» «Тобыл» W командасын жеңіп, «Шахтердің» W жеңілісіне үміт арту қажет еді. Нәтижесінде «Ақтөбе» W «Тобыл» W командасын 2:0 есебімен жеңсе, «Шахтер» W өз алаңында «Астана» W командасымен 2:2 есебімен тең түсті.

Осылайша, «Шахтер» W 21 ұпай жинап, қола медальдарға ие болды. Ал қарсыластарының еншісінде 20 ұпайдан қалды.

Бұл - «Шахтер» W командасының Freedom QJ League W турниріндегі алғашқы медальдары!

Сергей Михайлович Поленов бастаған команданы қола медальдарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Наверх