— Жалпы, «Қызылжарға» қарсы ойын сәтті өтті. Бірінші тайм оңай болған жоқ, қарсылас жақсы қарсылық көрсетті. Екінші таймда қарсылас сапынан ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін бізге сәл жеңілдей түсті, қонақтар бәсеңдеп, біз ойынды өз пайдамызға шеше алдық.
— Өз ойынымды жаман емес деп бағалаймын, дегенмен қателіктер болды. Әлі де жұмыс істейтін тұстар бар, алдағы уақытта дамуды жалғастырамыз. Бапкерлер қай бағытта жұмыс істеу керектігін көрсетеді.
— Бұл маусымдағы мақсатым — өзімді дәлелдеп, «Шахтёр» құрамында орнығу. QJ League аясында чемпиондық үшін күрескіміз келеді.
— Командаға пайда әкелу үшін бар күшімді саламын.
— Ерекше алғысымды маған сенім білдіріп, Қарағандыға жіберген ата-анама айтқым келеді. Сондай-ақ, стадионға келіп, бізді қолдайтын жанкүйерлерге де рахмет — олардың қолдауы біз үшін өте маңызды.


Шахтёр
Экибастуз
