Қосалқы құрамының жаңалықтары

8 July, 20:08

«ШАХТЕР» U-21 ЕЛОРДАЛЫҚ КОМАНДАНЫ ЖЕҢДІ

Екінші лиганың 13-туры аясында «Шахтер» U-21 командасы өз алаңында елордалық VPR Astana клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Никита Килджиев, Мирас Дильмурат, Рустам Жанхаев, Максим Холод (к), Тагир Сакенов, Мирас Көбеев, Бекарыс Шарапиден, Алихан Исраилов, Роман Асылбаев, Мансур Дильмурат және Максим Комиков шықты.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алып, шабуылда белсенділік танытты. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Үзілістен кейін де «Шахтер» U-21 қарсылас қақпасына қысым жасауды жалғастырды. Матчтың 53-минутында Роман Асылбаев дәл соққымен VPR Astana қақпасын нысанаға алып, кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голын соқты.

 

Наверх