Клуб жаңалықтары

7 November, 23:48

МЕДИА-ҚЫЗМЕТІМІЗ - FREEDOM QJ LEAGUE - 2026 ҮЗДІГІ!

Freedom QJ League маусымының үздік медиа-қызметіне табысталатын Диас Омаров атындағы сыйлықтың иегері анықталды. 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша бұл марапат «Шахтер» футбол клубының медиа-қызметіне бұйырды. Марапат жыл сайынғы QJL Awards салтанатты рәсімінде табысталды.

Заманауи футбол орталығы тек талантты ойыншыларды тәрбиелеп қана қоймай, олардың жетістіктерін көпшілікке таныстырып, жасөспірімдер футболына деген қызығушылықты арттыруы тиіс.

Медиа-қызметтің креативтілігі, жеделдігі мен кәсібилігі клубтың және жас футболшылардың танымал болуына, сондай-ақ жанкүйерлердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Бұл - ұжымдық еңбектің, шығармашылық ізденістің және кәсібиліктің жемісі.

Наверх