«Шахтёр» U-21 командасының бастапқы құрамында алаңға Алибек Маратов, Рустам Жанхаев, Тагир Сакенов, Нұралы Азатқазы, Али Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев, Максим Холод (к), Мансур Дилмурат, Руслан Белобородый, Максим Комиков және Глеб Олейник шықты.
19-минутта Максим Комиков оң қаптал арқылы айып алаңына еніп, Руслан Белобородыйға пас шығарды. Ол қақпашыны алдап өтіп, есеп ашты — 1:0.
26-минутта Руслан Белобородый айып алаңына доп асырды. Максим Комиков қақпашыдан бұрын жетіп, допты баспен қонақтар қақпасына бағыттады — 2:0.
Бірінші таймның соңына қарай Нұрхан Қағазбаев жақын бұрышты дәл көздеп, есепті 3:0-ге жеткізді.
Ал екінші тайм басталғаннан кейін, 46-минутта ол алаң иелерінің шабуылын сәтті аяқтап, матчтың қорытынды есебін орнатты — 4:0.
Ал екінші тайм басталғаннан кейін, 46-минутта ол алаң иелерінің шабуылын сәтті аяқтап, матчтың қорытынды есебін орнатты — 4:0.

Шахтёр
Ақтобе Жас
