Клуб жаңалықтары

8 October, 18:11

АРТЕМ ЛИТОШТЫҢ ДУБЛІ «ШАХТЕРГЕ» ЖЕҢІС ӘКЕЛДІ

Бірінші лиганың 24-турындағы матчта «Шахтер» Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасын 2:0 есебімен сенімді жеңді.

Кездесудің басты қаһарманы Артем Литош болды. Шабуылшы 50 және 79-минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеп, дубль жасады. Осылайша, Литош чемпионаттағы голдарының санын 23-ке жеткізіп, сұрмергендер көшін жалғастырып келеді. «Шахтердің» қорғанысы да сенімді ойын көрсетті.

17 жастағы Мейірлан Балтабаев негізгі құрамда алаңға шығып, матчты толық өткізді және қорғаныстағы сенімді ойынымен ерекшеленді. Қақпашы Игорь Шацкий де өз қақпасын голдан аман сақтап, тамаша өнер көрсетті. Осылайша, оның қақпасына гол жібермеген матчтар сериясы 14 ойынға жетті. Осы жеңістен кейін Андрей Финонченко шәкірттері чемпионаттағы көшбасшылығын жалғастыруда.

Наверх