Клуб жаңалықтары

30 October, 09:12

ҚҰРМЕТТІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР, КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Футболға деген сүйіспеншілікті оятып, әр ойыншының бойындағы қабілетті ашып, жеңіске жетелейтін сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.

Әрбір жаттықтырушының артында қаншама еңбек, төзім, сенім мен жүрек жылуы жатыр. Сіздер тек футбол ойнауды үйретіп қана қоймай, нағыз мінез қалыптастырып, тәртіпке баулып, өмірлік маңызды құндылықтарды сіңіресіздер.

Күнделікті еңбектеріңіз, шәкірттеріңізге деген жанашырлықтарыңыз бен футболға деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, кәсіби табыс, толағай жетістіктер мен шәкірттеріңіздің жарқын жеңістерін тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым жемісін беріп, футболға қосқан үлестеріңіз лайықты бағалансын!

 

Наверх