Қосалқы құрамының жаңалықтары

22 April, 19:59

ДАМИР ЮСУПБЕКОВ: «Бүгінгі дебютыма өте қуаныштымын, алдағы уақытта дамып, өсуге тырысамын».

— Ең алдымен командаға алғыс айтқым келеді. Маған алаңда орын сеніп тапсырған жаттықтырушылар штабына және толық күш-жігерін салып, жеңіске жеткен барлық ойыншыларға рахмет. Бүгінгі дебютыма өте қуаныштымын, алдағы уақытта дамып, өсуге тырысамын.

Ойынға дайын болдым. Мұндағы жылдамдық мүлде басқа, қарқын өте жоғары. Жігіттер жасы үлкен, тәжірибелі, сондықтан олармен бәсекелесу оңай емес.

Менің мақсатым — «Шахтер» Ж құрамына жиі еніп, тұрақты түрде ойын көрсету және «Шахтердің» негізгі командасында дебют жасау. Сондай-ақ 2009 жылғы командамен бірге QJ League маусымын жеңіп алғым келеді.

Маған сенетін ата-анама алғыс білдіремін. Бүгінгі дебютымды соларға арнаймын. Игорь Александрович Солошенко мен Максим Николаевич Самченкоға маған сенім артқаны үшін рахмет. Сондай-ақ бізге сеніп, матчтарға келетін жанкүйерлерге ерекше алғыс.

 

Наверх