Жаңалықтары академия

6 September, 22:00

QJ LEAGUE-дағы ТӨРТ ЖЕҢІС

«Шахтер» академиясының тәрбиеленушілері QJ League чемпионаты аясында «Қайсарға» қарсы ойындарын өткізіп, төрт кездесудің төртеуінде де жеңіске жетті.

Қарағандыда алғаш болып Игорь Маштаковтың шәкірттері - «Шахтер» U-15 командасы шықты. Қарағандылықтар «Қайсардың» құрдастарын 4:0 есебімен жеңді! «Кеншілер» құрамында Батырбай (3`), Марат (8`), Батырбай (26`) және Мұхатай (63`) гол соқты.

Кешкі кездесуде Павел Зайцев жаттықтыратын «Шахтер» U-16 командасы өз алаңында «Қайсар» U-16 командасын 7:2 есебімен ойсырата жеңді! Гол авторлары: Канашжанов (23`), Хамза (32` - автогол), Карим (53`), Байбулатов (58`), Соловьев (63`), Хамитов (68` - автогол), Жастлеков (73`).

«Шахтер» академиясының жеңісті сериясы Қызылордада да жалғасты. «Шахтер» U-17 командасы «Қайсардың» құрдастарын 4:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Голдарды Казанцев (74`), Жолдиканов (87`), Шипицин (90+2`) және Кунту (90+4` - автогол) соқты. Рафаэль Хамидулловтың шәкірттері QJ League чемпионатының алтын медальдары үшін күресін жалғастыруда.

Жеңісті күнді Игорь Солошенко жаттықтыратын «Шахтер» U-18 командасы қорытындылады. Қызылордада өткен «Қайсар» U-18 командасына қарсы кездесу қарағандылықтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Төрт команда - төрт жеңіс! Айта кетейік, алдыңғы турда да академияның барлық төрт командасы қарсыластарын жеңген болатын.

 

Наверх