«Шахтер» Ж командасының негізгі құрамында алаңға Әлібек Маратов, Рустам Жанхаев, Максим Холод, Мирас Ділмұрат, Бекарыс Шарапиден, Сұлтан Төлеуов, Тағир Сәкенов, Мансур Ділмұрат, Глеб Макридов, Глеб Олейник және Максим Комиков шықты.
Кездесу «кеншілердің» толық басымдығымен өтті. Максим Холод дубль авторы атанып, матчтың 7 және 90+2-минуттарында мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ «Ұлытау» М ойыншысы Расул Әбдірахман 23-минутта өз қақпасына автогол соқты. Ал Максим Комиков 65 және 86-минуттарда екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеп, дубль жасады.
Максим Самченко баптайтын «Шахтер» U-21 командасы Қазақстанның Екінші лигасының турнирлік кестесінде көш басындағы орнын сақтап келеді.

Тараз
Шахтёр

