Клуб жаңалықтары

16 October, 09:05

«ШАХТЁР» КОМАНДАСЫНЫҢ 16 ЖАСТАҒЫ ОЙЫНШЫСЫ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙДЕГІ АЛҒАШҚЫ ГОЛЫН СОҚТЫ

16 жастағы Әли Садырбаев «Шахтёр» U-21 командасы сапында кәсіби футболдағы дебютін жасап, алғашқы матчында-ақ гол соқты. Шабуылшы Екінші лиганың 25-туры аясында «Жетісу» U-21 командасына қарсы өткен кездесуге қатысып, командасының 7:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

Әли матчтың екінші таймында, 46-минутта алаңға шықты. Ал 12 минуттан кейін кәсіби деңгейдегі алғашқы голын соқты. Осы маусымда Әли QJ League аясында «Шахтёрдің» U-17 және U-18 командалары сапында 16 матч өткізіп, 7 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Наверх