Новости

9 January, 17:14

«ШАХТЕР» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Алдағы маусымға дайындық аясында «кеншілер» қаңтар айының 9–22 аралығында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл жиын команда үшін маусым алдындағы негізгі дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

Жаттығу жиыны барысында футболшылардың физикалық дайындығына, тактикалық жұмысына және командалық өзара түсіністікті жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Бұл кездесулер командаға дайындық деңгейін бағалауға және ойыншыларды толыққанды сынап көруге мүмкіндік береді.

Алдағы күндері команданың оқу-жаттығу жиынына қатысатын ресми құрамы жарияланатын болады. Барлық жаңалықтар мен жиын барысы клубтың ресми әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде хабарланып отырады.

Наверх