Клуб жаңалықтары

24 October, 23:17

CITY FOOTBALL GROUP ӨКІЛДЕРІ ҚАРАҒАНДЫ ТӨРІНДЕ

Әлемдік футболдың алпауыт топтарының бірі - City Football Group делегациясы кеншілер қаласына арнайы сапармен келіп, өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболының болашағына ден қойды.

Freedom QJ League өкілдерімен бірге қонақтар «Шахтер» ФК академиясының мамандарымен және Қарағанды облыстық футбол ассоциациясымен (QOFA) жүздесті.

Кездесуде жас таланттарды тәрбиелеу, жаттығу жүйесін жетілдіру және өзара ынтымақтастықты нығайту жолдары кеңінен талқыланды.

Сапар барысында делегация қаладағы қазіргі спорт нысандарымен танысып, бой көтеріп келе жатқан жаңа алаңдарды да өз көзімен көрді.

 

Наверх