- Ең алдымен, екі команданың футболшыларына қызықты әрі тартысты ойын үшін алғыс айтқым келеді. Нәтиже командалардың турнирлік жағдайына еш әсер етпесе де, екі тарап та жеңіске жетуге ұмтылып, өздерін жақсы қырынан көрсетуге тырысты. Доп ортаңғы аймақта көп кідірмеді, екі қақпа маңында да қауіпті сәттер болды. Позициялық шабуылдар кезінде шабуылдағы әрекеттеріміздің бәрі бірдей сәтті шыққан жоқ. Дегенмен, бұл мәселелерді өз алаңымызға оралған соң талдап, қарастырамыз.

Шахтёр
Академия Оңтүстік


