Клуб жаңалықтары

1 April, 11:49

“ШАХТЕР” ДАҢҚ ЗАЛЫ

«Шахтёр» футбол клубы таныстырылымы барысында команданың ардагерлеріне ерекше назар аударылды. Клуб аңыздары — Петр Асылбаев, Андрей Финонченко және Айдос Таттыбаев — сахнаға шақырылып, оларға салтанатты түрде естелік жейделер табысталды, сондай-ақ олардың есімдері клубтың Даңқ залына енгізілгені жарияланды. Олардың әрқайсысы команданың дамуына зор үлес қосты.

Даңқ залы — бұл клубтың дамуына елеулі үлес қосқан ең үздік ойыншылар, бапкерлер мен тұлғалар енгізілетін арнайы кеңістік немесе символдық тізім.

«Шахтёр» футболшылары есімдерінің Даңқ залына енгізілуі — бұл тек ерен еңбекті мойындау ғана емес, сонымен қатар клуб тарихын сақтау, оның бірегейлігін қалыптастыру және ұрақтар сабақтастығын нығайтудың маңызды бөлігі. Жанкүйерлер үшін бұл өткен жылдардың қаһармандарын қайта еске алуға мүмкіндік болса, жас ойыншылар үшін — үлгі мен шабыт көзі.

Алдағы уақытта «Шахтёр» осы игі дәстүрді жалғастырып, Даңқ залын жыл сайын жаңа есімдермен толықтырып, клуб тарихына жарқын із қалдырған жандарға құрмет көрсетуді жоспарлап отыр.

 

 

Наверх