
Биыл дайындық ерекше деңгейде өтуде. Академия командалары алғаш рет кәсіби жағдайда маусымға дайындалып, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Бұл жаттығу жиындары ойыншылардың физикалық және тактикалық дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.

Маусым басталғанға дейін аз уақыт қалды, сондықтан бапкерлер штабы тактикалық сызбаларды жетілдіру және ойын байланыстарын дамыту жұмыстарын жалғастыруда.

Чемпионат қарсаңында «Шахтёр» стадионының қосалқы алаңында U-18 және U-17 командалары арасында бақылау матчы өтті. Кездесу 2:1 есебімен U-17 командасының пайдасына аяқталды.


Шахтёр
Окжетпес
Кайрат-Жастар
