Жаңалықтары академия

4 June, 08:15

ҚАЗАҚСТАН U-17 ҚҰРАМАСЫНА ШАҚЫРУ

«Шахтёр» Академиясының төрт ойыншысы Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасына шақырту алды.

Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиынына «Шахтёр» Академиясының ойыншылары Әли Садырбаев, Тимур Казанцев, Абылай Тоқтасын және Байжан Асхат шақырту алды.

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан құрамасы 6 және 9 маусым күндері Әзербайжанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді.

Ойыншыларымызға ұлттық құрама сапында сәттілік пен жеңісті ойындар тілейміз!

Наверх