17, 20 және 23 наурызда Қазақстан әйелдер құрамасы U17 алдағы Еуропа чемпионатына іріктеу шеңберінде Эстония, Солтүстік Ирландия және Черногория командаларымен «В» Лигасының 1 тобында матчтар өткізеді. Ұлттық құраманың құрамына «Шахтер» футбол орталығының ойыншылары Ахметжан Данагүл мен Сандер Ксения шақырылды.