Шахтер QJ лига

2 April, 14:14

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ШАҚЫРТУ!

«Шахтер» әйелдер командасының ойыншысы Саида Дюсембаева Қазақстанның WU-17 құрамасына шақырту алды. 

Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Молдова (4 сәуір) және Черногория (7 сәуір) құрамаларына қарсы ойын өткізеді.

15 жастағы жартылай қорғаушының айтуынша, ел намысын қорғау – үлкен мәртебе, сондықтан шақырту алғаннан кейін дайындықты күшейткен. Ол сондай-ақ ойын алдында толқу болатынын, бірақ бар мүмкіндігін көрсетіп, командаға пайдасын тигізуді мақсат ететінін айтты.

Еске салайық, өткен маусымда Саида Дюсембаева Freedom QJ League W турнирінде 14 матчта 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Наверх