Жаңалықтары академия

16 May, 21:23

«ШАХТЕР» U-16 КОМАНДАСЫ «ТОБЫЛ» U-16 ҰЖЫМЫН СЫРТ АЛАҢДА ЖЕҢДІ

QJ League турнирінің бесінші туры аясында Шахтер U-16 командасы Қостанайда жергілікті Тобыл U-16 командасымен кездесіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Бас бапкер Павел Степанович Заяц алаңға келесі негізгі құрамды шығарды: Нұрасыл Тортаев, Арлан Алтыбаев, Расул Габбасали, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Диниал Қанашжанов, Максим Бонет, Әділет Бораналы (к), Темірлан Байболатов, Алихан Карим және Тимур Дамирұлы.

Кездесу қонақтар үшін сәтсіз басталды — матчтың 3-минутында алаң иелері бұрыштамадан кейін есеп ашты. Алайда «кеншілер» жылдам жауап қайтарды: арада төрт минут өткенде Арлан Алтыбаев айып соққысын сәтті орындап, есепті теңестірді — 1:1.

Бірнеше минуттан кейін «Тобыл» стандартты жағдайдан тағы да алға шықты. Ал 22-минутта кезекті бұрыштамадан кейін команда капитаны Әділет Бораналы гол соғып, таразы басын қайта теңестірді.

35-минутта Алихан Карим қарағандылықтарды алға шығарса, екінші таймда Максим Бонет 61-минутта гол соғып, команданың басымдығын арттырды.

Матчтың нүктесін 80-минутта Нұрислам Қуанбаев қойып, команданың бесінші голын соқты.

Павел Заяцтың шәкірттері QJ League турнирінде сәтті өнер көрсетіп келеді және маусымда әлі жеңіліс көрген жоқ.

Наверх