«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Нурасыл Тортаев, Нурым Еркенулы, Арлан Алтыбаев, Мухамеджан Бакытжан, Султан Кездикбаев, Диниал Канашжанов, Максим Бонет, Адилет Бораналы, Темирлан Байбулатов, Алихан Карим, Тимур Дамирулы шықты.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ командалар қауіпті шабуылдармен алмасып, қақпашылар бірнеше рет ойынға араласуға мәжбүр болды. Жалпы, бірінші тайм тартысты өтіп, гол соғылмай аяқталды.
Екінші таймның басында, 45-минутта (бұл жас санатында тайм 40 минутқа созылады), қонақтар айып алаңының сыртында ереже бұзды. Айып добын Максим Бонет шебер орындап, есеп ашты – 1:0. 54-минутта Темирлан Байбулатов оң қапталдан өтіп, допты қақпашыдан алыс бұрышқа дәл бағыттады — 2:0!

Шахтёр
Экибастуз
