Клуб жаңалықтары

24 March, 13:14

ЕКІ КАПИТАННЫҢ КЕЗДЕСУІ

Қарағандылық «Шахтердің» жанкүйерлері «Астана Арена» стадионында өткен тарихи кешті сағынышпен еске алады. Сол кездесуде біздің команда қаһарлы «Селтикті» 2:0 есебімен сенімді түрде жеңген еді. Дәл сол күні Қазақстанда алғаш рет Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалып, матч отандық футбол үшін айтулы оқиғаға айналды.

Ол күні командаларды алаңға капитандар бастап шықты: қонақтар сапында — Скотт Браун, ал «Шахтер» сапында — клуб аңызы Андрей Юрьевич Финонченко.

   Араға 13 жыл салып, екі көшбасшының жолы қайта түйісті. Швейцарияның Ньон қаласында PRO санаты бойынша оқу өтіп жатқан жерде Андрей Финонченко сол тарихи матчтағы «Селтик» капитаны Скотт Браунмен кездесті.

   Мүмкін, бұл кездесу кездейсоқ емес, «Шахтердің» алдағы жарқын жеңістерінің жаршысы болар. Жылдар өтсе де, сол ойынның естеліктері клуб тарихының маңызды бөлігі болып қала береді. Бүгінде олар жаңа тәжірибемен, біліммен және алға ұмтылуға күш беретін шабытпен толығып отыр.

 

 

Наверх