Freedom QJ League 2026 маусымының алғашқы туры 18 сәуірде басталады. Алдағы маусымда «Шахтер» академиясының U-18, U-17 және U-16 командалары жарысты одан әрі жалғастырады. Сонымен қатар, алғаш рет U-15 жас санатындағы команда қатарға қосылып, бұл клубтың жас футболшыларды даярлау жүйесін дамытудағы маңызды қадамы болмақ.
Баспасөз конференциясы барысында Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айта келіп, Лига ойыншыларының көпшілігі кәсіби клубтармен келісімшартқа отырып, футболдағы алғашқы қадамдарын жасап жатқанын атап өтті.

«Жастар футболын дамыту – бұл тек спорт қана емес, еліміздің дені сау ұрпағын қалыптастыруға қосқан үлесіміз. Бұл біздің жастарымыз үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер мен әлеуметтік мобильділік.
Футбол әрқашан қазақстандық мәдениеттің маңызды бөлігі болып қала береді.
Біз жобаны дамытуды жалғастырып, жаңа идеялар мен форматтарды енгізетін боламыз. Біздің мақсатымыз – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл өңірде заманауи стандартқа айналу. Лига ұжымына жаңа маусымда сәттілік тілеймін», – деді Тимур Турлов.
Баспасөз конференциясына сондай-ақ «Шахтер» академиясының өкілдері қатысып, жаңа маусымға дайындық, турнирдегі міндеттер және клубтағы жастар футболын дамыту туралы айтып ой бөлісті.





Шахтёр
Окжетпес
Кайрат-Жастар
