«Шахтер» U-17 командасының бастапқы құрамында алаңға Арслан Куандыков, Мирас Амангельды, Антон Скоснягин, Ярослав Туницкий (к), Ельдар Жолдиканов, Амир Оспанов, Владислав Солошенко, Али Садырбаев, Тимур Казанцев, Никита Духов, Альтаир Рапилбек шықты.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «кеншілер» ойын тізгінін өз қолына алып, белсенді шабуылға көшті. 20-минутта алаң иелері өз айып алаңында ереже бұзып, белгіленген пенальтиді Али Садырбаев дәл орындады.
Жеті минуттан кейін Тимур Казанцев жеке шеберлігін көрсетіп, керемет жекелей өту арқылы есепті еселей түсті.
Ал үшінші голды Ельдар Жолдиканов соғып, «Шахтердің» бірінші таймдағы басымдығын нығайтты. Рафаэль Хамидулловтың шәкірттері матч тағдырын үзіліске дейін-ақ шешіп қойды.
Екінші таймда «Шахтер» ойын тізгінін сақтап қалды, алайда 53-минутта бір гол жіберіп алды. Соған қарамастан, команда матчты сенімді жеңіспен аяқтады.
Бұл жеңіс «Шахтер» U-17 командасы үшін QJ League маусымының басындағы қатарынан екінші жеңіс болды.


Шахтёр
Экибастуз
