Барлықтарыңызды мұсылман қауымының ең қасиетті де мәртебелі мейрамы - Құрбан айтпен құттықтаймыз! Алла тағала сенімімізді күшейтіп, нұрын жаудырсын! Жылдың осы бір кезеңін бір Аллаға: "Күнәмді кешір",- деп жалбарына сұрайтын, анадан жаңа туғандай болып пәктенетін мезгіл деуге болады. Құрбан араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді, ал шарғи мағынасы - Алла тағаланың ризашылығына жақындау, бөлену ниетімен құрбан айт күндері шалынатын арнайы мал. Айт күні құрбан шалып, Алла тағаланың мейіріміне жақындаған құлдары бір-біріне игі тілектер айтысып, дәм татысады. Құрбандық айт намазынан соң ғана шалынады.
Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілейміз!
Құрметпен,
«Шахтер» футбол клубының ұжымы