QJ League-ның соңғы турында «Шахтер» U-18 командасы «Тараз» U-18 командасынан 1:2 есебімен сырт алаңда жеңіліс тапты. Тартысты күреске қарамастан, қарағандылықтар бұл матчта ұпай ала алмады. «Шахтер» құрамында жалғыз голды Ерлан Тұтқабаев соқты. Команда маусым бойы лайықты ойын деңгейін көрсетті және соңғы турдың қорытындысы бойынша маусымды 4-орында аяқтады.