Жаңалықтары академия

19 April, 12:11

СЫРТ АЛАҢДАҒЫ «ШАХТЕРДІҢ» ЖЕҢІСІ!

«Шахтёр» U-15 командасы QJ League жаңа маусымында алғаш рет өнер көрсетіп, жарқын қадам жасады. Игорь Маштаковтың жетекшілігіндегі команда Тараз қаласында өткен дебюттік матчта «Таразды» 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап «кеншілер» ойын тізгінін өз қолына алды. Есеп 11-минутта ашылды — айып добын дәл орындаған Алияр Калиев команданың турнирдегі алғашқы голын соқты. Бірінші таймның соңына қарай Ерали Ермек (34’) есепті еселей түсті.

Екінші таймда да «Шахтёр» басымдығын жалғастырды. 46-минутта Ерали Ермек қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланып, дубль авторы атанды. Матчтың соңғы нүктесін алаңға қосалқы құрамнан шыққан Алан Карпов қойып, алыстан әдемі гол соқты — 4:1.

«Шахтёр» U-15 командасының бастапқы құрамында алаңға Асхат Амангельды, Никита Герасимов, Алияр Калиев, Алишер Канат (к), Биржан Мажит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Даниил Сон, Нуржан Мухатай, Ерали Ермек, Адиль Жайлеубай шықты.

Айта кетейік, бұл ойын команданың QJ League-дағы сәтті дебюті ғана емес, сонымен қатар Игорь Маштаков үшін бас бапкер ретіндегі алғашқы жеңіс болды. Алияр Калиев турнирдегі команданың алғашқы голының авторы атанса, Ерали Ермек алғашқы дубльді тіркеді.

Маусымның тамаша бастамасы — алға, «Шахтёр»!

Наверх