Клуб жаңалықтары

25 April, 16:46

Клубымыздың адал жанкүйері Қасымов Қанат өмірден өтті.

«Шахтер» футбол клубы оның кенеттен қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды күйзеліспен қабылдады. Қанат жай ғана жанкүйер емес еді — ол команданың тыныс-тіршілігімен бірге өмір сүріп, «кеншілерді» әрдайым қолдап, жеңісті де, жеңілісті де бірге бөлісіп жүрді. Оның клубқа деген адалдығы, шынайы жанашырлығы мен жылы жүрегі оны таныған жандардың жадында мәңгі сақталады.

Бұл — туған-туыстары мен жақындары үшін ғана емес, бүкіл клубымыз үшін орны толмас ауыр қаза.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Осы ауыр сәтте сіздердің қайғыларыңызды бөлісеміз.

Жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын.

Наверх