«Кеншілердің» негізгі құрамында Асхат Байжан, Мейірлан Балтабаев, Нұрхан Қағазбаев, Жәнібек Жайлаубек, Кирилл Сатжанов, Дамир Юсупбеков, Даниал Амантай, команда капитаны Расул Акимов, Александр Яковлев, Дигдар Омаров және Рустам Сайфимилюков алаңға шықты.

Кездесудің басталуы Игорь Солошенко жаттықтыратын команда үшін сәтсіз өрбіді. Матчтың 3-минутында қонақтар бұрыштамадан кейін есеп ашты.
Алайда «Шахтер» ойыншылары кездесудің барысын өз пайдасына өзгертті. 37-минутта кезекті бұрыштама добынан кейін Нұрхан Қағазбаев айып алаңында ептілік танытып, допты қақпаға бағыттап, есепті теңестірді.

Екінші таймда бастаманы команда капитаны әрі лиганың үздік сұрмергені Расул Акимов өз қолына алды. 53-минутта ол айып добын дәл орындап, командасын алға шығарды. 79-минутта Нұрхан Қағазбаев дубль авторы атанып, есеп айырмасын ұлғайтты. Ал 90-минутта Расул Акимов матчтағы өзінің екінші голын соғып, ойынның қорытынды есебін белгіледі.
Қорытынды есеп – «Шахтер» U-18 командасының 4:1 есебімен сенімді жеңісі.


Тараз
Шахтёр

