Клуб жаңалықтары

2 June, 21:23

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

Саран қаласының «Сұңқар» стадионында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар футбол турнирі өтті. Мерекелік турнирді «Шахтер» футбол клубы мен Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы ұйымдастырды.

   Мерекелік іс–шараға 2015-2016 ж.т. және 2017-2018 ж.т. командалар қатысты. Футбол тек ойын емес. Бұл командалық рухтың күші, жеңіске ұмтылу, қиындықтарды жеңу және бір-біріне қолдау көрсету. Дәл осы қасиеттер балаларға жақсы спортшы ғана емес, сонымен қатар лайықты адам болуға көмектеседі. Дәл осы мақсатта балаларға қамқорлық жасауға, олардың өсуі мен дамуы үшін қауіпсіз және қуанышты жағдайлар жасауға бағытталған турнир өткізілді. Мұндай іс-шаралар жас спортшылардың дамуында шешуші рөл атқарады.

   «Шахтер» футбол клубынан турнир қатысушыларына футбол доптары табысталды.

Наверх