
Аталған оқу-жаттығу жиындарының басты ерекшелігі — облыстық «Saryarqa» телеарнасының түсірілім тобының қатысуы. Командамен бірге Белекке «ARQA live» және «Чемпионмен таңғы ас» бағдарламаларының жүргізушісі, танымал спорт журналисі Ботабек Тлегенов пен оператор Мурат Токенов те келді.
Қарағанды облысының тұрғындары Белектен тікелей қосылымдарды телеарнаның жаңалықтар эфирінен тамашалап үлгерді. Көрермендерге жаттығу процесінен тікелей репортаждар, бапкерлер штабы мен футболшылардың эксклюзивті пікірлері, сондай-ақ жаңа маусымға дайындықтың сахна артындағы сәттері ұсынылуда.
Оқу-жаттығу жиындарынан оралғаннан кейін, телеарнаның шығармашылық ұжымы өткен жиындар туралы толық материалды Виталий Несипбаевтың «Арена» авторлық бағдарламасында ұсынуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Чемпионмен таңғы ас» бағдарламасының қонағы «Шахтер» командасының капитаны Андрей Финонченко болмақ.


Шахтёр
Түркістан



