Клуб жаңалықтары

15 January, 08:10

«ШАХТЁРДЫҢ» ҮШ ОЙЫНШЫСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫН ҰЗАРТЫП, ПРЕМЬЕР-ЛИГАДА ҚАЛУДЫ МАҚСАТ ЕТІП ОТЫР

«Шахтёр» футбол клубы алдағы маусымға команда құрамын қалыптастыруын жалғастыруда. Диас Қалыбаев, Рифат Нурмугамет және Тимур Рудосельский Қарағандылық клубпен келісім шарттарын ұзартты. Бұл футболшылар үшін «Шахтёр» шын мәнінде ең жақынына айналды.

 

 

Диас Қалыбаев:

«Мен бұл клубты шын жүректен жақсы көріп кеттім. Өзім Алматыдан болсам да, Қарағанды мен үшін бөтен қала емес — әкем осы жерде өскен. “Шахтёр” жанкүйерлерінің маған деген ықыласы ерекше. Сондықтан Бірінші лиганы жеңу үшін бар күшімді саламын».

 

 

Рифат Нурмугамет:

«Өткен маусымнан кейін бір өкініш бар. Бірақ биыл біз бәріміз команда болып басты мақсат қажету үшін бар күшімізді саламыз. Ол — Премьер-лигаға шығу. Қай клубтың намысын қорғап жүргенімізді және қандай жанкүйерлер үшін ойнайтынымызды жақсы түсінеміз».

 

 

Тимур Рудосельский:

«Маған және менің отбасым үшін Қарағандыда өте жайлы. Бұл қала жүрегімізге жақын. Біз барымызды салып, Бірінші лигада сенімді түрде жеңіске жетіп, күшімізді Премьер-лигаға қайта оралуға бағыттаймыз. Жанкүйерлерімізге қолдаулары үшін алғыс айтамыз, оларды стадионда күтеміз».

 

Наверх