Клуб жаңалықтары

2 February, 23:07

«ШАХТЕР» - «АНДИЖОН» ЖОЛДАСТЫҚ ОЙЫНЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН АЯҚТАЛДЫ

Қарағандылық «Шахтер» оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық матч өткізді. Команданың қарсыласы Өзбекстанның «Андижон» футбол клубы болды. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

 

Алайда матч толық ойналмады. Бас төрешінің шешімімен ойын 55-минутта тоқтатылып, кездесуді жалғастыру мүмкін болмады. Бұл шешімнің қабылдану себептері ресми түрде хабарланған жоқ.

Наверх