Клуб жаңалықтары

30 March, 11:19

ТИМУР ТУРЛОВ «ШАХТЕР» КЛУБЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Русланұлы Турлов «Шахтер» футбол клубының инфрақұрылымдық нысандарын аралап көрді.

Сапар барысында компания басшысы QJ League ойыншылары тұратын клуб базасында болды. Жақында мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жас футболшыларға жайлы әрі заманауи тұрмыс жағдайлары жасалған. Бұл олардың дамуы мен жаттығу процесіне оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, Тимур Турлов «Шахтер» клубының жаңа кеңсесімен танысып, қызметкерлермен жүздесті. Ол клуб құрылымын жүйелі түрде дамыту маңызды екенін атап өтті.

 

Сапар аясында қазіргі таңда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шахтер» стадионы да назардан тыс қалмады. Жұмыстар заманауи спорт нысанын қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде жүргізілуде.

 

Бұл сапар клуб инфрақұрылымын нығайтуға және футболды барлық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Наверх