Клубта Академиядан бастап негізгі командаға дейінгі футболшыларды даярлаудың заманауи жүйесі қалыптасқан. Жас футболшылармен білікті жаттықтырушылар, аналитиктер, медициналық штаб, психологтар және дене дайындығы бойынша мамандар жұмыс істейді. Кешенді дайындық жүйесі әрбір тәрбиеленушінің өз мықты қырларын дамытуына және әлеуетін барынша ашуына мүмкіндік береді.

Іріктеу екі күнге созылып, үш кезеңнен тұрады. Бұл жаттықтырушылар штабына әрбір қатысушының техникалық, тактикалық және физикалық дайындығын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінде «Шахтер» Академиясында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген тәрбиеленушілер жаттығады. Басқа қалалардан келген жас футболшылар үшін тұруға, білім алуға және жаттығу процесіне қолайлы жағдай жасалған.

Барлық қатысушыларға іріктеуден сәтті өтіп, жаңа спорттық жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

Ақтобе Жас
Шахтёр


