«Кеншілердің» бастапқы құрамында алаңға шыққандар: Асхат Амангельды, Никита Герасимов, Алияр Калиев, Алишер Канат (к), Биржан Мажит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Даниил Сон, Нуржан Мухатай, Ерали Ермек, Адиль Жайлеубай.
Кездесу басталар алдында Қарағандыда қатты жел соғып, ойын басталар сәтке қарай басылды. Алайда жауған жаңбыр алаңды тайғақ етіп, ойын барысына айтарлықтай әсер етті.
Бірінші таймда командалар жиі жекпе-жекке түсіп, ереже бұзушылықтар көп болды. Ойын негізінен алаңның ортасында өрбіді, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.
Екінші таймда жаңбыр күшейіп, екі командаға да қиындық туғызды. Қонақтар шабуылда белсендірек ойнап, «Шахтердің» қақпашысы Асхат Амангельды бірнеше рет ойында көзге түсті.
58-минутта «Ертіс» шабуылшысы Амаль Асаков қақпашыны алдап өтіп, дәл соққымен есеп ашты.
Матчтың қалған бөлігінде «Шахтер» U-15 есепті теңестіруге тырысып, бірнеше шабуыл ұйымдастырды, алайда нәтиже өзгермеді.
Қорытынды есеп — 0:1, «Ертіс» U-15 командасының пайдасына.

Шахтёр
Экибастуз
